«Функционалдық сауаттылық –сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында қалалық онлайн –семинар өткізілді.

2022  жылғы 11 ақпан күні   Білім беруді жаңғырту орталығымен Нұр-Сұлтан қаласының №82 «Дарын»  мамандандырылған лицейімен бірлесіп «Функционалдық сауаттылық –сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында қалалық онлайн –семинар өткізілді.

Семинар мақсаты-PISA халықаралық зерттеуге дайындық аясында мұғалімдерге қолдау көрсету.

Семинарда лицейдің  тәжірибелі мұғалімдері жаратылыстану-ғылыми, математикалық сауаттылық бойынша өз тәжірибелерімен  бөлісіп, практикалық жұмыстарын көрсетті. Іс-шараға 90-нан астам ұстаз қатысты. Семинар соңында  мұғалімдер кері байланыс бере отырып, функционалдық сауаттылықты дамытудың өзектілігін атап өтті.

Іс-шараны  Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакирова қорытындылап, іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға сертификат табыстады. Іс-шараға қатысушылар іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға  және семинарды ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

Жауап беру