Функционалды сауаттылық пен сыни талдау, бағалау дағдыларын дамыту

20.05.2022ж.  «№92 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК, Білім басқармасының қолдауымен  «Білім беруді жаңғырту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазына кәсіпорнының ұйымдастыруымен Нұр – Сұлтан қаласының  мектептерінің математика,информатика және физика пәндерінің ең үздік педагогтарының тәжірибе алмасу мақсатында «Функционалды сауаттылық пен сыни талдау, бағалау дағдыларын дамыту» атты  қалалық семинар өтті. Семинарға ҚР БҒМЫ.Алтынсарин атындағы ҰБА, Ұлттық Евразия университетінің ғалымдары, РФММ-нің қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мектепке дейінгі және орта білім беру, ТжКББ ұйымдарының педагогтері, «Үздік педагогтар» қатысты.

Семинар екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлім – пленарлық отырыс, екінші бөлім – секциялық жұмыстар. Секция 3 топқа бөлінді: математика, физика және информатика. Бірінші бөлімде шақырылылған қонақтар «Функционалды сауаттылық пен сыни талдау, бағалау дағдыларын дамыту» тақырыбы төңірегінде өз ойларын айтты.

Екінші секциялық жұмыстарда қала мектептерінің үздік педагогтары, атап айта кететін болсақ, Муаммер Гуль  «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты», Білім олимпиадасы арқылы Гиннес рекордтар кітабына еңген математик,№ 66 мектеп-лицейінің  математика пәні мұғалімдері Тердикбай Кушай «Үздік педагог-2018» және «Үздік педагог-2020» Парманова Сандугаш Куанышбековна, Мәуіт Рысбек  «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры, «Үздік педагог-2017», Мендыбаева Айман Таубаевна, «РФММ» АҚ Нұр-Сұлтан қ.филиалының шебер ұстаз, экологияға қосқан үлесі үшін Геккель орденінің иегері, жаттықтырушы, Муканов Кадиргазы Камалович, №38  мектеп-лицейінің директоры,  информатика  пәні мұғалімі, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері-2008» «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогы медалі – 2020», Рахлетова Шинар Тулепбергеновна, №80 мектеп-гимназиясының   информатика  пәні мұғалімі, «Ыбырай Алтынсарин медалі -2020», «Теле жоба-2020» қатысушысы, Каппасова Сандугаш Елтаевна  «Үздік педагог – 2018 », «Үздік волонтер» конкурсының жеңімпазы, Анарбаева Айнур Султановна, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері, «Теле жоба-2020» қатысушысы, «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, Жакупова Гульнара Амангельдиновна, «РФММ» АҚ Нұр-Сұлтан қ. филиалының математика пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог 2018» өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қала бойынша 100 – ге жуық математика,информатика және физика пәндерінің педагогтары қатысып,оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – сапалы білім кепілі екенің атап өтті. Іс – шара барысында осы семинарға белсене қатысып, өз тәжірибиелерімен бөліскен педагогтарға сертификат табысталды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.