Педагогикалық білім беру сапасын арттырудың ортақ қағидаттары мен мүдделерін басшылыққа ала отырып, білім беруді дамытудың стратегиялық маңызды бағдарларын айқындай отырып, Білім беруді жаңғырту орталығы бүгін 2021 жылғы 3 тамызда “Global “САПА” білім беру орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Бірлескен ынтымақтастық мыналарға бағытталған:
– оқыту семинарлары, тренингтер, мастер-кластар, конференциялар түрінде педагогтердің біліктілігін арттыру;
– онлайн режимінде ғылыми – әдістемелік іс-шаралар өткізу;
– халықаралық деңгейде ынтымақтастықтың бірлескен инновациялық жобаларын, оқу – әдістемелік құралдарды, аудио-бейне материалдарды, электрондық оқулықтарды әзірлеу;
– ғылыми-практикалық тағылымдамаларға, семинарларға, практикумдарға, тақырыптық көрмелерге бірлесіп қатысу.