«Global scholars» халықаралық жобасы

2022 жылғы 16 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК инновациялық жұмыс және ынтымақтастық бөлімінің жоспары бойынша «Global scholars» халықаралық жобасы аясында «М. Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназия» базасында ережеге сәйкес «Train your brain» зияткерлік олимпиадасы өтті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды:  1 – іріктеу – кезеңі онлайн-режимде өтті, онда мектеп оқушылары командалары, бағдарламаның ағымдағы жылдың тақырыбы бойынша бейнеролик  ұсынды. Нәтижесінде, 1 кезеңге қатысқан 14 мектеп командаларынан  2-кезеңге  6 мектеп (№№ 17, 26, 53, 76, 80, 86) командалары өтті.

Олимпиада барысында командалар ағылшын тілінде 3 тапсырманы орындады:

– команданы таныстыру;

– «Kahоot» бағдарламасы арқылы сұрақ-жауаптар;

– Берілген  тақырыптар бойынша жобаларды қорғау.

Олимпиаданың  2 кезеңінің  қорытындысы бойынша:

– 1 орынды №53 мектеп-лицейі командасы иеленді;

– 2 орынды №26 мектеп-гимназия командасы иеленді;

– 3 орынды 80 мектеп-гимназия командасы иеленді. Қалған мектеп командаларына қатысушы сертификаттары  берілді.

Жауап беру