«Global Sholars» халықаралық жобасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша вебинар

2022 жылғы 03 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының инновациялық жұмысы және ынтымақтастық бөлімі  ағымдағы оқу жылында «Global Scholars»  халықаралық жобасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша вебинар өткізді.

Вебинарға жобаны жүзеге асыратын 30 мұғалім мен мектеп үйлестірушілері қатысты. Вебинар барысында желі үйлестірушісі, М. Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназия мұғалімі С. Исмаилова «Global Scholars» халықаралық жобасын жүзеге асыру нәтижелері туралы» мәселе бойынша сөз сөйледі, онда мектептердің оқу жылындағы жұмысына талдау жасалды.

Іс-шара аясында №№ 4,17,57,60,71,73,79 мектептердің үйлестірушілері жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, олар жоба сайтындағы оқушылардың жұмысына, ағылшын тілін үйренуге, шет елдегі құрбыларымен бірлескен жобалар жасауға ерекше назар аударды.

Вебинар соңында педагогтер мен оқушылардың e-classroom электронды сыныптағы жұмыстары қорытындыланып, келесі оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Жауап беру