«Инклюзивті кеңістікте білім беру қызметін ұйымдастыру» семинар-практикум өтті!

Нұр-Сұлтан қаласы  Білім беруді жаңғырту орталығының жылдық жоспарына сай  2022 жылғы 15 ақпан күні балалар жетістігінің шеберханасы – Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы педагогтерінің іс-тәжірибесінен офлайн форматта  қосымша білім беру педагогтеріне арналған қалалық семинар-практикум өтті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру кеңістігіне қосу  арқылы педагогтер  өздерінің бірегей жұмыс тәжірибесін көрсетті: көру қабілеті бұзылған балаларға арналған бейнелеу өнер студиясы,  ағылшын тілі және жеңіл ақыл есі кем  балаларға  арналған қолданбалы өнер, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға бейімделген жүзу.

«Лим-по-по» шоу-театры мейірімділіктің нағыз мерекесін ұйымдастырды, онда №2 арнайы мектептің балалары жақсы көңіл күй мен шынайы қуанышқа бөленді.

          Семинар барысында қатысушылар ұйымдастырылған сабақтар мен іс-шараның негізінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қосымша білім берудің маңызының зор екендігіне тағы бір мәрте куә  болды.   Семинар қатысушылары Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының педагогикалық ұжымы  инклюзивті білім беру саласында маңызды, сауатты жұмысты атқарып жүргендігіне куә болып, тәжірибе алмасты.

Жауап беру