2022 жылдың 07 ақпанда №46 мектеп-кешенде ерекше педагогикалық кеңес отырысы өтті. Отырысқа «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Астана дарыны» дарыныдылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, қамқоршылық кеңесі, республикалық мамандандырылған мектептердің өкілдері қатысты.
Отырыс барысы 3 кезеңнен тұрды: 1 – кезеңде, мектеп басшысы Қасқабаева Роза Касымовна кешеннің стратегиялық даму жоспарымен тастырды, 2 – кезең, «Инновациялық білім беру мектептің стратегиялық дамуының негізгі ресурсы ретінде» атты постер-сессиясы, 3 – кезеңде, эксперименттік алаңдар жұмысына арналған шебер-сыныптар өтті.
Іс-шаралар барысында кешеннің балабақша тәрбиеленушілері мен қатар жоғарғы сынып оқушылары шығармашылық тәжірибелерімен бөлісті.
Педагогикалық кеңес соңында кешен педагогтерінің атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы қойған мақсат, міндеттерге бағыт, бағдар берілді.








