Интербелсенді әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру тақырыбында қалалық семинар өтті.

Нұр -Сұлтан қаласы №63 мектеп-гимназиясында

Интербелсенді әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты

Интербелсенді оқыту әдістерінің орта білім беру саласындағы ерекшеліктерін айқындау, білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері  Б. Миралиев

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады  К.Д. Ушинский.

Жаңа форматта сабақ беруге көшуіміз керек. Оны жүзеге асырудың бір жолы ол, интербелсенді әдістерді сабаққа қолдану.

Интербелсенді әдістер дегеніміз қарым-қатынасқа жағдай жасайтын жаңа тәсілдер және оларды сабақта қолдану.

Интербелсенді оқу/оқыту дегеніміз—әрекет көмегімен және әрекет арқылы, яғни әрекет жасай отырып үйрену/үйрету.

Бұл әдіс—” бірлесе үйрену немесе бірлескен әрекеттер”идеясын басты назарда ұстайды.

Яғни: топтық жұмыс және жұптық жұмыс арқылы іске асады.

Сонымен қатар семинар жұмысына «Әлем мұғалімі» атанған білім инновация лицей – интернатының математика пәнінің мұғалімі  Муаммер Гул қатысып, оқушыларды математика пәнінен  олимпиадаға дайындау, сонымен қатар №63 мектеп-гимназиясының мұғалімдері коучинг, ашық сабақтар өткізіп  іс тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Қатысушылар Сертификатпен марапатталды.

Жауап беру