«Аналитика және мониторинг» бөлімі

Бөлім басшысы: Айгуль Есеновна
Міндеттері:
– Мектепке дейінгі, орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының аттестатталатын педагогтерінің портфолиосына сараптама ұйымдастыру және жүргізу;
– Педагогтерді аттестаттау бойынша білім беру ұйымдарындағы педагогтерге консультациялық көмек көрсету
– Педагогтерді аттестаттау бойынша сараптамалық топтарда жұмыс істеуге мамандарды даярлау.
– Оқушылардың білім сапасының мониторингі.
– Педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру.
– Білім беру ұйымдарының педагогтерінің кәсіби қызметіне талдау жүргізу.

«Білім беру саласындағы зерттеулер» бөлімі

Бөлім басшысы: Мухамеджанова Алма Каиркеновна
Міндеттері:
– Білім беру саласындағы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін
ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу
мәселелері бойынша ішкі және сыртқы өзара іс-қимыл;
– Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесінде мониторингтік зерттеулерді
ұйымдастыру және жүргізу;
– Зерттеу бейініне сәйкес келетін жоғары оқу орындарымен, ұйымдармен ғылыми
және әдістемелік ынтымақтастықты дамыту;
– Зерттеу және мониторингтік рәсімдерді жүргізу нәтижесінде алынатын ақпаратты
жүйелеу және қорыту;
– Зерттеу нәтижелері бойынша ақпараттық-талдамалық есептер мен материалдарды
дайындау және тарату;
– Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.