Кәсіптік-техникалық колледжінің педагогтеріне «Әдістемелік сағат» атты семинар өтті.

2022 жылғы 24 ақпан күні Кәсіптік-техникалық колледжінің педагогтеріне «Әдістемелік сағат» атты семинар өтті.
Әдістемелік іс-шарада талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.Е. Рамазанова мен әдіскер Алкешева З.Т., инновация жұмысы және ынтымақтыстық бөлімінің әдіскері Р.А.Шаяханова,ТжКББ бөлімінің әдіскері Н.С. Исина қатысты.
Семинарда колледж оқытушылары авторлық әзірленімдерді дайындау талаптарымен, педагогикалық аттестациядан өту тәртібімен, оқытушыларға қажетті құжаттамаларды дайындаумен, оқу-тәрбие үрдісіне инновацияларды енгізу туралы таныстырып, сұрақтарына жауап берді.
Сөз сойлеу барысында қарастырылып отырған мәселелердің ғылыми-теориялық негіздеріне тоқталып, практикалық ұсыныстар берілді.
Колледж педагогтері семинардың өзектілігі және әдістемелік көрсетілген көмектін уақытылығын атап өтті.
Әдістемелік семинарға 50-ден астам педагог қатысты.

Жауап беру