«Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы инклюзивті орта» кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған вебинары

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 13 желтоқсан күні онлайн форматта «Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы инклюзивті орта»тақырыбында вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты – кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары педагогтерінің әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру.

Аталған іс-шарада Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Дударева Марина Александровна «Колледж жағдайында ЕБҚ бар студентерді оқыту процесін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар вебинар барысында:

  • Білім беру ұйымдарында білім алушылардың  жеке ерекшеліктерін есепке алу;
  • Ерекше білім беру қажетілігі бар балаларды (тұлғаларды) колледж жағдайында оқыту тәжірибесі;
  • Ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдерді еңбек және әлеуметтік бейімдеу;
  • Тәлімгерлік – кәсіби табысқа апаратын жол тақырыптарында  мамандар іс-тәжірибесімен бөлісіп, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетті.

Вебинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.