«Көшбасшы бейнесі» вожатыйларға арналған вебинар

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 2022 жылғы     21 қаңтар күні  вожатыйларға арналған «Көшбасшы бейнесі»тақырыбында вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты – білім беру мекемелерінде мектеп вожатыйлардың әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру.

Аталған іс-шарада Ақтөбе қаласы, қалалық оқушылар сарайының педагог- ұйымдастырушысы Суликанова Акмарал Болатовна, «Көкжиек» аға вожатыйлардың клубы: Әрекеттестік. Ынтымақтастық. Тәжірибе бойынша тақырыбында баяндама жасады.

Вебинар барысында келесі тақырыптар бойынша «Вожатыйдың бейнесі» Мұстафа Шоқай атындағы №51  мектеп-гимназияның вожатыйы Әлайдарова Нәзікай Мұхамедәліқызы, «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы вожатыйлардың үлесі» Міржақып Дулатұлы атындағы №68  мектеп-гимназиясының вожатыйы Тлеубекова Толкын Тлеубековна, «Вожатый бейнесіндегі ұтқырлық» №3 мектеп-гимназиясының вожатыйы Данияр Әлия Ахмедияқызы өздерінің іс – тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады.

Жауап беру