Кітап оқуға қалай үйретеміз?

Білім беруді жаңғырту орталығы 2021 жылдың 10 желтоқсан күні  «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе отырып «Кітап оқуға қалай үйретеміз?» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға Нұр-Сұлтан қалалық білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері, кітапханашылары, әдіскерлері, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері, аға оқытушылары қатысты.

Спикерлер Иманғалиев Бауыржан Сәбитұлы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., Маманова Жанар Сейтахметқызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының  әдіскері, Сайрамбаева Айсұлу Нұрбаевна, Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі, Орынбаева Гүлжан Бекмаханқызы, Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі, Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту кафедрасының аға оқытушысы оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін кітап оқыту тәсілінің тиімді әдістерін, түрлерін, бағытын таңдау арқылы оқырманның көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру жолдары мәселелерін  «Кітап оқу – рухани әлемге бастар жол», «Кітап оқуға қызықтырудың заманауи әдіс-тәсілдері», «Жылдам оқу – жетістікке бір қадам», «Кітап оқуға баулудың жолдары» тақырыптар бойынша көтере отырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Жауап беру