«Кітапхана – көркем ойымыздың кепілі»

2021 жылдың 6 қазанында Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК және ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК кітапханашыларының ұйымдастыруымен, «Кітапхана – көркем ойымыздың кепілі» тақырыбында колледж кітапханашыларына арнап қалалық онлайн семинар өткізді.

    Семинарда Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері «Оқуға құштар ұлт» жобасын жүзеге асыру бағытында колледж кітапханашыларының атқарып жатқан жұмыстары жайында айтып өтті.

    Семинар барысында, «Кітап оқитын колледж» әлеуметтік – мәдени жобасы туралы «Astana polytechnic» жоғарғы колледжінің кітапханашысы М. Исмагулова, «Кітап – жан азығы, өмір қазығы» тақырыбында «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» кітапханашысы М.Омарова, «Кітапхана білімнің көзі, кітапханашы оның тірегі» тақырыбында «Сервис және туризм колледжінің кітапханашысы Г.Бижанова баяндамаларын жасап, презентацияларын көрсетті.

    «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» кітапханашысы Г. Жунусова, «Президент ұсынған 30 кітап» әлем және қазақ әдебиеті, публицистика, ғылыми-танымдық, рухани жаңғыру кітаптарын оқуды ұсынады және осы бағытта колледж кітапханасында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айта келіп осы жылы оқуға таңдап алынған кітаптарды QR код арқылы оқу үлгісін көрсетті.

Leave a Reply