«Lesson Study – педагогикалық әдістемені жетілдіруге бағытталған сабақты зерттеу әдісі» тақырыбында қалалық семинар

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы және бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназияда «Lesson Study – педагогикалық әдістемені жетілдіруге бағытталған сабақты зерттеу әдісі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты: оқушыларды оқытудағы кедергілерді анықтап, мұғалімдердің бірлесе жоспарлау, бақылау, талдау тәжірибелерін көрсету және пәндік әдістемемен бөлісу, тәжірибе алмасу. .

Іс-шараға Білім беруді жаңғырту орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскерлері, сондай-ақ елордалық мектеп мұғалімдері қатысты. Семинар барысында зерттеу топтары жұмысының нәтижелері бойынша «Педагогикалық әдістемені жетілдіруге бағытталған сабақты зерттеу әдісін тәжірибемізге енгізу», «Жылдам оқу дағдыларын қалыптастырудағы жаттығулар», «Бастауыш сынып оқушыларының оқуын жетілдірудің оңтайлы жолдары», «Тілдік бірліктер» қазақ тілі пәнінде жазылым дағдысын жақсартуға бағытталған шығармашылық тапсырмалар, «Коммуникативті дағдыларды қалыптастырудағы жазудың тиімділігі», «Мәтін есептерін шығарудағы тиімді әдіс-тәсілдер», «Әдебиеттік оқу» пәнінде олқылықтардың орнын толықтыруда модельденген мәтіннің ықпалы», «Сандар сыры», «Лэпбук – бала зейінін ашатын педагогикалық құрал», «Оқушылардың жазылым дағдысын жетілдіретін әдіс-тәсілдер» тақырыбында 10 постерлік жұмыс қорғалды.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде 6 зерттеу сабағы ұсынылды:

1.Әдебиеттік оқу, «Астана», 2 «И» сыныбының мұғалімі Г. Қуандық

2. Әдебиеттік оқу, «Өнерлінің өрісі кең», 4 «А» сынып мұғалімі С. Бейсенова

3.Математика, «32*2, 320*2, 32*20 түріндегі көбейту тәсілдері», 3 «Б» сынып мұғалімі А.Төлеубекқызы

4.Қазақ тілі, «Қысқарған сөздер», 4 «Ж» сынып мұғалімі К. Еримбетова

5.Әдебиеттік оқу, «Алтын балта» ертегісі, 3 «К» сынып мұғалімі А. Сейсембаева

6.Математика, «Кестелер және диаграммалар», 2 «В» сынып мұғалімі Т. Боранбаева.

Ұсынылған жұмыстарды талдай келе, іс-шараға қатысушылар зерттеу топтарының бірлескен жұмысының қаншалықты тиімді екенін атап өтті. Lesson study технологиясы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту үшін үлкен әлеуетке ие, ол мұғалімдерді педагогикалық ұжымдағы кәсіби ынтымақтастыққа шақырады, оқытудың тиімді әдістемелері мен технологияларын практикада қолдану мүмкіндіктерін бірлесіп зерттеуге бағыттайды.

Қатысушылар тарапынан берілген кері байланыс мектептегі зерттеу сабақтарын әрі қарай жетілдіруге ықпалын тигізері анық.

Жауап беру