Мұғалім тәжірибесіндегі қиындықтар және оларды шешу жолдары

2022 жылғы 21 қыркүйек күні Астана қаласындағы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №89 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Мұғалім тәжірибесіндегі қиындықтар және оларды шешу жолдары» атты қалалық семинар-практикум өтті.

Іс-шара мақсаты мұғалім тәжірибесіндегі қиындықтарды шешу жолдары бойынша іс-тәжірибемен бөлісу. 

Басқосу барысында Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы семинар бағдарламасын таныстырып, «Мұғалімнің кәсіби қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында сөз сөйледі.

 Семинарда  білікті де білімді, әдісқой, шебер ұстаздар іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар-практикум барысында көптеген жаңа технологиялар мен әдістер, атап айтқанда «Биоақпараттық технология», «АС картасы», «ПОПС формуласы», «Оқиға картасы», «DEAL» әдісі және тағы басқа тиімді әдіс-тәсілдер көрсетілді. Сол сияқты   №86 мектеп-гимназиясының мұғалімі Н .Шайдарханова   «Цифрлық сауаттылықты меңгерудің оңай жолдары» тақырыбында сөз сөйлеп, бірнеше платформада жұмыс жасау әдісін көрсетті. Сол сияқты № 82 мектеп-лицейінің мұғалімдері Г. Шөкеева, Р. Райсова, Б.Байгулованың «Қазақ тілі сабағында тіл дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткізген тренингі тартымды болды.  № 77 мектеп-гимназиясының мұғалімі Е. Кәмпиттің  «Жаратылыстану сабағындағы оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібі, зерттеу әдебі – күрделі кіріктірілген білім» атты ұсынылған жұмысы үлкен қызығушылықпен тыңдалды.

  Семинарда тоғыз мектептің мұғалімі  баяндамаларын ортаға салып, жеке-жеке өз тәжірибесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.  Атап өтетін болсақ, «Тілдік дағдыларды дамытуда тыңдалым әрекетінің орны және қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында №31 мектеп-гимназия мұғалімі А. Қайырбекова, «Әліппе сабағында оқушылардың сөздік қорын дамытудағы қиыншылықтар мен оны шешу жолдары» №91 мектеп-гимназия мұғалімі А. Хамзина, «Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қою жолдарын үйрету» №38 мектеп-лицей мұғалімі К. Нұрманбетова, «Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалай дамытуға болады?» №93 мектеп-лицей мұғалімі А. Сүлейменова, «Жаратылыстану пәнін оқытудағы қиыншылықтарды шешу жолдары» №70 мектеп-лицей мұғалімдері А. Омаргазина, Т. Матаева, «Бастауыш сынып оқушыларының тіл орамдылығын дамыту» №59 мектеп-лицей мұғалімі А. Кулашева.    Семинар соңында  рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шараға 300-ге жуық елордалық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.