Мұғалімдерді аттестаттау – білім сапасын көтерудің  біліктілікті арттырудың  негізгі факторы

Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының  әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен 2022 жылғы 27 сәуір күні химия және биология пәндері педагогтеріне «Мұғалімдерді аттестаттау – білім сапасын көтерудің  біліктілікті арттырудың  негізгі факторы»  тақырыбында қалалық вебинар өткізілді.

Педагогтардың авторлық жұмыстарына, басылым (газет, журнал беттеріне мақалалаларын шығаруына  әдістемелік сүймелдеуді Білім беруді жаңғырту орталығы, баспа ісі және кітапхана бөлімінің әдіскерлері Айгараева Раушан  Ратовна, Ергешбаев Жұмағали Измаханович тоқталды. Талдау және мониторинг  бөлімінің басшысы Рамазанова Айгул Есеновна   аттестаттау мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттармен  таныстырып, портфолио жинақтау бойынша әдістемелік сүймелдеу көрсетті.

Іс-шара барысында ашық диалогтық алаң құрылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Іс-шара соңында педагогтер ұйымдастырушыларға  ризашылығын білдірді.

Жауап беру