«Мақала жазудың құрылымы мен талаптары» вебинары

2022 жылдың 18 мамыры күні «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Сейтахмет пен қалалық Педагогтер қауымдастығының лидері Самал Жақсылықтың ұйымдастыруымен «Мақала жазудың құрылымы мен талаптары» тақырыбында оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау жолдары туралы вебинар өтті. Вебинар спикерлері: БИЛ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Ж. Карамурзина, № 77 мектеп-лицейінің қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімі  Л.О. Имакова өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп бағдарламасындағы 5-11 сыныптар аралығындағы мақала жазуға негізделген оқу мақсаттарына тоқтала отыра, мақала жазудың негізгі шарттары мен қағидаларын айтып өтті. Вебинарға қатысушылар топқа бөлініп, мақаланың кіріпсе, негізгі, қорытынды бөлімдерін жазып шықты. Оқушының рөлінде жазылған мақаланы талдап, өз пікірлерін білдірді. Вебинар соңында мұғалімдер тәжірибеде эссе жазуға басымдық берілетінін атап өтті. Қалалық деңгейде өтіліп жатқан түрлі байқаулар негізінен эссе жазуға негізделген. Алдағы оқу жылында осы байқаулар форматына мақала мен әңгіме жазу түрлерін енгізу керектігін ұсыныс ретінде білдірді. Вебинар материалдарын кітапша түрінде жинақтауға өз пікірлерін айтып өтті.

Жауап беру