Математика пәнінен  «Құрылымы күрделі теңдеулер» тақырыбында сабақ

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы «Профессор сабағы»  жобасы бойынша 2022 жылдағы алғашқы сабақты Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейінде  ұйымдастырды. «Профессор сабағының» кезекті мұғалімі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бастауыш білім зертханасының меңгерушісі,  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Игенбаева Бижан Құрманғалиқызы 3-сынып оқушыларына математика пәнінен  «Құрылымы күрделі теңдеулер» тақырыбында сабақ өткізді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын, жұптық және топтық, өздік жұмыс, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдерін қолдана отырып өткізілген сабаққа оқушылар үлкен қызығушылықпен белсене қатысты.

«Профессор сабағы» жобасының мақсаты білім алушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын және білімін толықтыру процесін әдістемелік сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмыстар жоспарлап, оқушылардың қашықтан оқу кезінде жоғалтқан білім сапасын қалыпқа келтіру болып табылады. Жоба аясында оқушыларға ғалым-ұстаздардан дәріс алу мүмкіндігі туындап отыр. Жоба жетекшісі Білім беруді жаңғырту орталығының орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Н.Әзімбай. Пандемия кезіндегі оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру, оқуға ынтасын арттыру, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету үшін былтыр іске қосылған жоба оң нәтиже көрсетіп отыр.  «Профессор сабағы» жобасы бойынша бүгінгі күнге дейін 7 ғалым-ұстаз елордалық білім беру ұйымдарында өз тәжірибесімен бөлісіп келеді. Жоба өз жұмысын жалғастыратын болады.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.