Мектеп кітапханаларының . . .

2022 жылдың 4 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Мектеп кітапханаларының кітап қорына ашық қолжетімді ұйымдастыру және оларды оқу орындарының жұмысына айналдыру» тақырыбында мектеп каітапханашыларына онлайн форматта семинар өткізілді. Семинарға «Мазмундама қоғамдық қоры» өкілдері, ББЖО-ның әдіскерлері, қала мектептерінің кітапханашылары қатысты.

Семинар барысында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларында, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес (1-4 сыныптар, 5-8 сыныптар және 9-11сыныптар) көркем шығармаларды кітап сөресінде оқырмандар үшін ыңғайлы ұйымдастырылуы және т.б. әдістемелік сұрақтар қарастырылды.

«Мазмұндама қоғамдық қоры» бас редакторы Бану Даулетбаева баспалардан шығатын көркем шығармалардың мектеп бағдарламасына сәйкес және оқушының жас ерекшеліктеріне қолайлы, тартымды, мазмұны түсінікті,  аударма түрінде жазылған әлем әдебиеттерінің қазақша –орысша тілде жазылған және қазіргі таңда сұранысқа ие танымдық әдеби шығармалармен кітапханашыларды таныстырды. Семинарда ББЖО-ның әдіскері Ж. Егеубаева мектеп кітапханаларында 1-4 сыныптар үшін ертегілер мен көркем әдебиеттердің ашық, қолжетімді түрде орналасуын көрсетсе, №6 мектеп- гимназия кітапханасының меңгерушісі С. Алина  5-8 сынып оқушыларына арналған көркем шығармалардың көрмеде оқушының қызығушылығын арттыру үшін қалай орналастыратынын айтып, тәжірибесімен бөлісті. Кітапхана меңгерушісі ҚР-ның президенті Қ.Қ.Тоқаев ұсынған «30 кітап» және «Әр оқырман оқуға тиіс 50 кітап» тізіміндегі кітаптардың қойылуында ерекше атап көрсетіп кетті. №58 мектеп-гимназия  кітапханасының меңгерушісі С. Айтмағамбетова 9-11 сынып оқушыларына арналған көркем шығармалардың орналасу ерекшеліктерін көрсете отырып, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілетін  іс-шаралардың қысқаша мазмұнына тоқталып өтті.

Жауап беру