«Мектеп медиациясының қызметі»  дөңгелек үстел

2022 жылғы 18 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы № 26 мектеп-лицей базасында «Мектеп медиациясының қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мектептегі медиация –  дауларды шешудің заманауи балама әдісі ретінде білім беру процесіне қатысушылар арасындағы дауларды шешу және жанжалды жағдайларды болдырмау үшін қолданылатын инновациялық әдіс.

Дөңгелек үстелге ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысының орынбасары, білім алушылар мен ата-аналар қатысты. Мектеп директорлары мен білім беру ұйымдарының басшылары онлайн форматта қатысты.

Іс-шара барысында №26 мектеп-лицейінің қонақтарына медиатор-ата-аналар клубының жұмысы көрсетілді, «Ата-ана сағаты» жобасы аясында көрме таныстырылды, «Жас медиатор» клубының жұмысы көрсетілді, №26 мектеп-гимназиясының директоры Жанғазақова Қарлығаш Есімханқызы «Мектепте жайлы орта құру туралы» жұмысы туралы айтып берді.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысының орынбасары Имангазинова Римма Асымовна сөз сөйледі. Дөңгелек үстел барысында мектеп медиациясын енгізу жұмысының инновациялық тәжірибесімен жақын шетел мамандары қатысып бөлісті.

Іс-шарада келесі спикерлер сөз сөйледі:

            – Сулеймен Ляззат Жаңылысқызы, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

            – Есентемирова Рузанна Ержанқызы, «Келісім» халықаралық медиция және құқық орталығының директоры;

            -Бельская Ирина Александровна, Беларуссия мемлекеттік университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық жеке құқық кафедрасының доценті, Бизнес жанжалын басқару Мост орталығының басқарушы серіктесі, заң ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, доцент және кәсіби медиатор;

           -Коновалов Антон Юрьевич, Мәскеу қалалық татуластыру қызметінің басшысы, Ресей Федерациясының Білім Министрлігінің медиация және татуласу қызметтерін дамыту жөніндегі Сараптамалық кеңестің мүшесі, ММППУ жедел психологиялық көмек орталығының қызметкері, қалпына келтіру сот төрелігі жөніндегі Еуропалық форумның мүшесі.

№26 мектеп қабырғасындағы дөңгелек үстел одан әрі қызықты және жемісті кездесулер өткізетін орынға айналды, сондай-ақ әріптестеріміздің тәжірибе алмасуына негіз болады. Жалпы, медиация мәселелері бойынша пікірсайыс форматы барлық қатысушылар үшін, басшылар үшін, мектеп директорлары үшін айтарлықтай жемісті, өнімді және пайдалы болды, ал ұсынылған ұсынымдар, дағдылар, тәжірибе алмасу әрбір қатысушы үшін одан әрі практикалық қызметте өз қолданысын табады.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.