Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуде жобалау қызметінің тиімділігін көрсету

2021 жылғы 9 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы «Педагогтер сабақтастығы» жобасы аясында Нұркен Әбдіров атындағы №33 «Балабақша-бастауыш мектеп» кешенінде  «Мектеп жасына  дейінгі  балаларды  адамгершілік-патриоттық  тәрбиелеуде  жобалау  қызметінің тиімділігін көрсету» тақырыбында қалалық семинар-практикум ұйымдастырды. 

Іс-шара мақсаты мектепке дейінгі ұйым педагогтерімен  ынтымақтастық орнату, іс-тәжірибемен бөлісу болып табылады.

«Біз  – Тәуелсіз  елдің  ұрпағымыз» музыкалық  композициясымен басталған іс-шара «Біз – біргеміз, берік  іргеміз» квест-тренингіне жалғасты.

№33 «Балабақша-бастауыш мектеп» кешенінің педагогтері 4 секцияда мына ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұсынды:

1. «Асық – ұлттық  құндылығымыздың  асыл қазынасы», мектепалды  даярлық  тобының тәрбиешісі А. Хансолтан;

2 «Мы –  наследники  Нуркена»  жобалау  қызметі, мектепалды  даярлық  тобының тәрбиешісі А. Белявская;

 3. «Бақыттымыз  бәріміз»  дамыту ойындары, психолог А. Аренова;

 4.«Скалодром  ойындары»  кіріктірілген  оқу  қызметі,  тәрбиеші Ж.Ильясова, дене шынықтыру  нұсқаушысы Чуваш  Сұнхар.  «Сурет  салудың  сиқырлы  әлемі»  шебер-сыныбында тәрбиешілер Д.Искакова, Ә. Айтикова    сурет салудың  дәстүрлі емес әдістерін көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.Семинар-практикум соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерін білдірді.

Жауап беру