«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» қалалық байқауы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау және ынталандыру, тәжірибені және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру  мақсатында қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында  онлайн форматта «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» қалалық байқауын өткізді.

Байқаудың басты міндеттері қазіргі жағдайда жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттілікті дамыту, педагогтердің үздіксіз кәсіби өсуі мен педагогикалық шеберлігін қамтамасыз ету, мектепке дейінгі білім берудің инновациялық әдістерін, құралдары мен технологияларын анықтау және қолдау, педагогтердің шығармашылық бастамаларын дамыту және инновациялық қызметке ынталандыру, тәрбиеші мамандығының беделін арттыру, мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне үздік тәжірибемен танысу үшін жағдай жасау болды.

Сараптамалық комиссия мүшелері педагогтердің «Шығармашылық презентация»,«Балалармен өткізген қызықты сәт» бойынша бейнеролик, «Мен – педагогпін»  онлайн сұхбат алаңыжұмысынасараптама жүргізіп,  шешім шығарды.Үздіктердің ішінен үздігін таңдау оңай емес, дегенмен, әр сайыстың өз жеңімпазы болатынын атап өткен жөн.

Қазылар алқасы сараптамасының қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды:

Гран-при –№ 8 «Думан» балабақшасының педагогі Дилдабекова Жанаркул Аскаревна;

І орын – №64 «Асыл бөбек»балабақшасының педагогіБекеева Улболсын Жасановна;

ІІ орын –ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК педагогі Гуляренко Татьяна Владимировна;

ІІІ орын – №95 «Алматы» балабақшасының педагогіОмарова Жибек Сериковна.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жауап беру