«Мектепке дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемелік ұсынымдары» атты  вебинар өткізді.

2022 жылғы 25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы мектепке дейінгі ұйым педагогтерінен құрылған «Жас маман» мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемелік ұсынымдары» атты  вебинар өткізді. Вебинар мақсаты мектепке дейінгі ұйым жас мамандарына балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу ерекшеліктерімен таныстыру.

Вебинарда  «Мектепке дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдері» тақырыбында сөз сөйлеген орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері М. Боранбаева мектепке дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторингті жүргізу қағидалары туралы айтты.

Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Д. Алпысбаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдылары мен дағдыларын дамыту мониторингін ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында орыс тілінде сөз сөйлеп, 2-5 жас аралығындағы балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторингті жүргізу қағидалары мен шарттарын түсіндірді.

Вебинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Жас мамандар көкейлерінде жүрген мәселелер талқыланып, маңызды ақпараттар берілгенін атап өтті. Іс-шараға 200-ден астам мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері қатысты. Алдағы уақытта «Жас маман» мектебінің жұмысы жалғасын табады.

Жауап беру