«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың заманауи үрдістері» тақырыбында XV қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

2022 жылдың 22 ақпанында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша ғылыми қызметкерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, техникалық және кәсіптік оқыту оқытушыларына арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың заманауи үрдістері» тақырыбында XV қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияны Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК  бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияның пленарлық отырысына Астана Халықаралық университетінің президенті, техника ғылымдарының кандидаты, С. А. Ирсалиев, Нұр – Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары Д. Д. Байтасов,  OYNA балалық шақ институтының төрайымы, Бристоль университетінің (Ұлыбритания) және Миссури университетінің (АҚШ) түлегі, Назарбаев Университетінің докторанты Г. Киикова, OYNA балалық шақ институтының негізін қалаушы А. Тайбасарова, «Зерде» балабақшасының меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қаласы филиалы бойынша Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі Б.Б. Алькенова, ҚР Президентік іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК № 2 объекті меңгерушісі, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиенің магистрі Р. Т. Қожахметова қатысты.

Конференцияға қатысу үшін мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінен 250-ден астам өтінім берді, оның ішінде 67 педагог секциялық отырыста баяндама жасады.

Конференция барысында Қазақстан Республикасында және шетелде мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті мәселелері, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері, мектепке дейінгі ұйымдардағы әдістемелік жұмыстың заманауи тәсілдері, сондай-ақ жаңа буын педагогтерін кәсіби даярлаудың ерекшеліктері талқыланды.

Конференцияға қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, педагогтердің пленарлық және секциялық отырыстарда сөйлеген сөздерінің мазмұндылығын атап өтіп, педагогикалық тәжірибе алмасу мүмкіндігін бергені үшін алғыс білдірді. Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді, сонымен қатар конференция материалдарының жинағы шығарылды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.