«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі аясында экологиялық тәрбие беру» тақырыбында қалалық семинар

2022 жылғы 22 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №24 «Айналайын» балабақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі аясында экологиялық тәрбие беру» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Іс-шара мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту  процесінде экологиялық тәрбие берудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру, тәжірибемен бөлісу.

 Семинар балабақша ауласында «Аспан асты эко-музейіне» экскурсиясымен басталды. Педагог-психолог  Дуамбекова Алия Сарсенбаевна тәрбиеленушілермен «Эко-саяхат» квест ойынын да таза ауада аулада өткізді.

 Іс-шара барысында «Шымшық» экологиялық-еріктілер клубы ашылып, еріктілерді п.ғ.д., Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры Длимбетова Гайне Карекеевна қабылдады.  

Инновация әдіскері Султангазина Айгерим Кабдрахмановна «Менің ЭКО-ӘЛЕМІМ» экологиялық кешенімен таныстырды.

«Тоқылдақ пен Шымшықтың достығы»  ертегі қойылымы балабақша педагогтерінің ұйымдастыруымен көрсетілді.

№24 «Айналайын» балабақшасы мен Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Айналайын» бөбекжай балабақшасының арасындағы желілік серіктестік аясында  тәрбиеші Жубатова Сабира Алмуратовна «Сары шымшық құпиясы» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті.  Бүлдіршіндер сары шымшық құсы жайлы мәліметті тыңдап, оның бейнесін ұнтақ жарманы пайдаланып жапсыру әдісімен жасады. Оқу қызметі барысында балалар жұмбақ шешіп, құстардың дауысын ажыратып өз білімдерін көрсете білді.

Дене шынықтыру жаттықтырушысы Асаинова Райхан Бипаевна «Бестемше» ұлттық ойынын пайдалана отырып дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қатысуымен «Птицы нашего двора» логопедиялық ұйымдастырылған оқу қызметін  балабақшаның логопед маманы Бельгибаева Бахытгуль Сабитовна өткізді.

№24 «Айналайын» балабақшасы мен РФ Чебоксары қаласының №114 «Аленький цветочек» балабақшасының арасындағы желілік серіктестік аясында тәрбиеші Тойганбаева Гульнара Джумабаевна «Секрет сосновой шишки» ұйымдастырылған оқу қызметін  өткізді.

Балабақша меңгерушісі Макишева Клара Баранбаевна семинар жұмысын қорытындылады.

Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шараға Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ережепова Айгуль Қайратовна, әдіскер Боранбаева Майра Сарсенхановна, қалалық мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.