МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы»  МКҚК әдістемелік жұмысының жетекші функцияларының бірі педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру жөніндегі жұмыс болып табылады. Осыған байланысты, 2021 жылдың қазан айында орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематовамен  орталық әдіскерлері «Оқу қызметін құруда тәсілдердің бірлігін қамтамасыз ету» тақырыбында әдістемелік күн өткізді:

– білім мазмұнында;

– оқыту технологияларында;

– нәтижелерге қойылатын талаптарда.

Әдістемелік күндерге елордалық 14 мектептің мұғалімдері қатысты: Алматы, Байқоңыр, Сырыарқа және Есіл аудандары: №№ 24 ОМ, №47 ОМ, №49 ОМ, №53 МЛ, №62 мл, №64 МЛ, №66 МЛ№69 МГ, №67 Г, №73 МЛ №78 МЛ №79, №86 МЛ, № 88 МЛ, ББЖО әдіскерлері мен сарапшылар 203 сабаққа қатысты.

Қала мектептерінің барлық аттестатталатын пән мұғалімдері «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шет тілі», «Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы», «Математика», «География», «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика», «Музыка», «Технология», «Дене шынықтыру»  пәндері бойынша сабақтар өткізді.

Әдістемелік күндерге қатысқан әрбір мұғалім өзінің жұмыс тәжірибесін көрсете алды, оқытылатын пән бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті, сабақ және сабақтан тыс жұмыстарымен бөлісті. Барлық мұғалімдер жетекшілік ететін әдіскер мен сарапшыдан сабақты бақылау парақтары түрінде өздерінің оқыту практикасы туралы кері байланыс алды.

Тәжірибесі көп мұғалімдермен қатар сабақты жоспарлау және оқушылардың жетістіктерін бағалау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілген жас педагогтер де өз сабақтарын көрсетті.

Әр мектепте әдістемелік күн рефлексиямен аяқталды, онда сабаққа талдау жүргізілді және педагогикалық жағдайлар талқыланды. Бұл жұмыс келесі айда да жалғасатын болады.

Leave a Reply