Мектептегі әдістемелік күндер

2021 жылғы 3 қарашада білім беруді жаңғырту орталығының тәрбие және тұлғаны дамыту бөлімі тәрбие жұмысы жөніндегі педагогтер қауымдастығымен бірлесіп, құрамында №84 мектеп-лицейінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қалтаева Г.З., №73 мектеп-лицейінің сынып жетекшісі Жакупова З.У., №2 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогі Абдульманова Б. А., №54 мектеп-лицейінің вожатыйы Келдібай А.Р. Нұр-Сұлтан қаласының №21, №24, №49 мектептері базасында әдістемелік күн өткізді.

Іс-шара барысында әдіскерлер әдістемелік көмек көрсетіп, тәрбие жұмысы бойынша істер номенклатурасын, тәрбие жұмысының жоспарларын, іс-шараларды өткізудің сценарийлік жоспарларын, әлеуметтік жұмыс бойынша қамқоршылық кеңестің құжаттарын, құқық бұзушылықтың алдын алу, жалпы оқыту мониторингін қарады, вожатыйлар үшін “Дебаттық қозғалыс”, “Адал Ұрпақ”, “Парламент” және өзін-өзі басқару жобаларының жұмысына көмек көрсетті.

Әдістемелік іс-шара аясында консультациялар ұйымдастырылып, педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, оның барысында келесі жағымды жақтар атап өтілді: өз уақытында әдістемелік көмек көрсетілуі, тақырыптардың өзектілігі және ақпаратты сапалы беру, практикалық жұмысты ұйымдастыру, жағымды психологиялық ахуал.

Іс-шара соңында тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне, әлеуметтік педагогтарға, сынып жетекшісіне арналған жинақ, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына және әлеуметтік педагогтарға арналған әдістемелік жинақтар мен ұсынымдар, ата-аналарға арналған жадынама берілді.

Leave a Reply