Мектептегі дебат қозғалысы

Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Мектептегі дебат қозғалысы» атты 2022 жылы 22 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп- гимназиясында ағылшын тілі пәні педагогтеріне арналған шебер сынып өткізілді.

Семинардың мақсаты: Ағылшын тілі педагогтерінің арасында 2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы дебаттық қозғалысын ұйымдастыруды жандандыру, ағылшын тілінде дебатты ұйымдастыру ерекшеліктері мен оны жүзеге асыру бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Іс – шараны №4 мектеп- гимназиясының мектеп директоры Магзумова Бақытгүл Амангельдиновна мен ББЖО-ның әдіскері Амирова Алтынай Бекпаевна кіріспе сөз сөйлеп ашты. Семинарда №4 мектеп- гимназиясының  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ахметбекова Дана Жаумбаевна, педагог-шебер, дебат ойындарының  тренері, сертификатталған “Үздік төреші”, CLIL тренері (бірінші деңгейдегі мұғалім) өз  тәжірибиесімен бөлісті.

Практикалық бөлімде “The external migration of Kazakhstani people” тақырыпта 1 топта №4 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушылары, жетекшісі Ахметбекова Дана Жаумбаевна мен №74 мектеп-гимназиясының 10 сынып тобы, жетекшісі Исмаилова Сандугаш Амантаевна; 2 топта №4 мектеп-гимназияның 11 сынып тобы, жетекшісі Айдарбек Салтанат Шайдолдақызы мен №73 мектеп- лицейінің 11 сынып оқушылары, жетекшісі Булебаева Алима Қанатқызы дебат ойынын іс жүзінде көрсетті. №4 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Мергенбек Н.С, Серікбекқызы Жаннұр “Бұл палата әлемді демократия жояды деп есептейді” тақырыпта жас мамандар арасында пікірсайыс өткізді. Семинардың соңында дебатқа қатысқан оқушыларға мектеп тарапынан сертификаттар мен кітаптар табысталды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.