Мектептегі экологиялық сынып сағаты «Ғаламшарды қоқыстан тазарту»

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 2022 жылғы 14 наурыз күні Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясымен бірлесіп «Ғаламшарды қоқыстан тазарту» тақырыбында сынып сағат өткізді.
Сынып сағатта «Көкмайса» жоба жетекшісі, Назарбаев Университеті «Әлеуметтік даму қорының», №2 мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушылары қатысты.
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатының негізінде 1-11 сыныптарда экологиялық тәрбие бойынша сынып сағаттар айына бір рет өткізіледі.
Сынып сағаты Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Сейдахметова Тыныс Сергазиевна «Ғаламшарды қоқыстан тазарту» тақырыбында сынып сағат өткізді. Сынып сағатының тәрбиелік мақсаты: табиғатқа деген рухани – саналы қарым – қатынасты құрастыру, адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігін дәлелдеу, оқушылардың экологиялық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін, табиғат қорғаудың ғылыми – теориялық негізін экологиялық тұрғыда түсіндіріп, оқушының өз өлкесіндегі, жалпы дүниедегі табиғатқа деген парасатын, жауапкершілігін тәрбиелеп, арттыру.
Іс-шарада Назарбаев Университеті «Әлеуметтік даму қорының», «Көкмайса» жоба жетекшісі Кульжанова Жанар 10 «А» сынып оқушыларына шебер-сынып өткізді. Шеберлік сабағының мақсаты: оқушыларға қазіргі таңдағы адамзат баласының алдындатұрған экологиялық проблемалар туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, экологияның астарында отанға сүйіспеншілік, қазақи ұлт-дәстүрлік, діни ұғымдар жатқанын ұғындыру және экологиялық тәрбие беру.
Сынып сағатының соңында оқушылар жоба жетекшісіне пластикті таңбалау, қатты-тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату туралы сұрақтар қойды.

Жауап беру