«Мен зерттеушімін»  қалалық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортаны танып-білуге құштарлығына қолдау білдіру арқылы бала тұлғасының интелектуалдық, шығармашылық дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне ықпал ету мақсатында

«Мен зерттеушімін»  мектепке дейінгі жастағы балалар» қалалық байқауын өткізді.

Байқаудың басты міндеттері балалардың танымдық белсенділігін қолдау үшін жағдай жасау қарапайым зерттеулер жүргізуге балалардың қызығушылығын арттыру, балалардың танымдық, коммуникативтік, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын және  командада жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, балалардың танымдық-зерттеу қызметін дамытудағы педагогтер мен ата-аналардың бірлескен қолдауы болды.

Сараптамалық комиссия мүшелері барлық жұмыстарды талаптар бойынша қарап шықты.

 Қазылар алқасы сараптамасының қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды:

І орын – № 81 «Әсемгүл»  балабақшасының тәрбиешісі Абдукадирова Анаргуль Абдукадировна;

ІІ орын – ЖШС «Мұрагер-Астана» білім кешенінің тәрбиешісі Пердебаева Шакизат Орынбасарқызы;

ІІІ орын – № 46 «Самал» санаториялық балабақшасының тәрбиешісі Кожабекова Александа Ергалиевна. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.