“Менің кәсіби өсуімдегі тәлімгердің көмегі” қалалық семинар

Нұр –Сұлтан қаласы  №25 орта мектепте 2022 жылғы 19 мамыр күні  ББЖО әдіскері Д. К.  Амиргалиеваның ұйымдастыруымен “Менің кәсіби өсуімдегі тәлімгердің көмегі”  атты қалалық семинар өтті. Семинар жұмысы “Тарих пәндерін оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері”   (жауапты А.А. Раймаева, Г.С. Орынбаева) коучингпен басталды. Биылғы атаулы күндердің бірі – авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигельдиновке – 100 жыл толу қарсаңында 8 «Ғ» сынып оқушыларымен Л.Б. Жанибекова дөңгелек үстел өткізді. Қазіргі таңда қаладағы барлық мектепте дебат үйірмелері жұмыс жасап жатқаны белгілі. Бағдарлама бойынша қала мектептерінің дебат қозғалысы мүшесі, жас маман А.Н.  Ибраева «Тіл мәселесі – тұтас ұлттың басты проблемасы» дебат ойынында №37, 49, 82, 25 орта мектептің дебатерлері шешендік жағынан танылып қана қоймай, қазақ халқының болашақ тіл жанашыры болып өсіп келе жатқандықтарын дәлелдеді.  №40, №52, №78, №83 мектептердің тәлімгері мен жас маманы арасындағы байланыс, көмекке тоқталып, оқу жылындағы жеткен жетістіктерімен бөлісті. Семинар жұмысы қорытыланды.

Жауап беру