Менің педагогикалық ұстанымым

2022 жылдың 30 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандарын кәсіби қолдау мақсатында «Менің педагогикалық ұстанымым» шебер сыныбы өтті. Шара  БЖО әдіскері  Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен басталып, Педагогтер   қауымдастығының лидері Самал Жақсылыққызы және Жас мамандар жетекшісі Жанар Советханқызының жас мамандардың кәсіби-тұлғалық даму деңгейі мен нновациялық  технологиялар меңгерген, бәсекеге қабілетті, заманауи сұранысқа ие, теориялық білімі, іс-тәжірибелік дағдысы бар, білікті мамандарды  анықтау  бойынша кеңестер берілуімен жалғасты.

2021-2022 оқу жылында  жас мамандардың жұмысқа кәсіби бейімделуін, психологиялық қалыптасуына көптеген іс-шаралар (семинар, дөңгелек үстелдер, қалалық семинарлар, кездесулер, жарыстар) ұйымдастырылып, жас мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамытуға жағдай жасалып, әдістемелік сүйемелдеу көрсетілді.

Соның негізінде жас мамандар өздері еңбек еткен бір оқу жылында оқытудың инновациялық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларын қолдану арқылы оқу мақсатына  жету бойынша  жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-тәжірибелерімен бөліскен жас мамандар:

1. Базарханова Динара Думанқызы, №22 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

2. Сабыржан Фатима Абылайқызы, №62 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

3. Еңбекші Меңсұлу Сүйіндікқызы, Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

4. Биахметова Жанар Ермекбаевна, №13 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

5. Тұрсынбай Сәкен Ержанұлы, №20 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

6. Мусашева Айымгул Әділбекқызы, №85 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

7. Кайрова Нуржауган Дархановна, №66 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

8. Қалжан Аружан Орынбекқызы, №70 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

9. Талипова Нурбатия Бахтияркызы, №77 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

10. Маратқызы Мереке, BINOM Turan мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

11. Қасен Айкерім Шешенғарақызы, BINOM Turan мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

12. Қамытбекова Ақерке Нұржанбекқызы, №75 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.