Оқушыларға арналған жыл сайынғы республикалық STEM-олимпиадасы

Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың 27-28 қарашасында Қазақстанның барлық өңірлерінен 8-11 сыныптар арасында 200-ден астам оқушылардың қатысуымен кезекті жыл сайынғы республикалық STEM-олимпиадасы өтті.

STEM олимпиадасы 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. 4 жыл ішінде іріктеу мен олимпиаданың финалдық кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14000-нан астам оқушы қатысты.

Олимпиада қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып гибридті форматта өтті.

Олимпиаданың бірінші күні әр қатысушы келесі пәндер бойынша есептерді шешті:

  • Бағдарламалау
  • 3Д модельдеу
  •  Робототехника бойынша «Үй тапсырмасы» байқауы, онда қатысушылар өз роботтарын жинап, оларды «Кальмар ойыны» форматында жарыстарға дайындауы тиіс.

Олимпиаданың екінші күні бір конкурстан – жобалық-инженерлік робототехникадан тұрды. Оқушылар өткізілген күні алған бірнеше мәселелерді шешуі керек еді. Екінші күннің байқауы толығымен командалық болып табылды. Командалар ұйымдастырушылар әдісіне сәйкес кездейсоқ түрде құрылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

1 орын Сәрсеке Еділ №48 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

2 орын Божанов Алдияр №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8-сынып оқушысы.

4 орын – Сайранов Санжар № 4 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;

4 орын – Маханбет Ерсерік №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысы;

5 орын-Касымбеков Айбар № 73 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

6 орын – Есенбай Болатхан №64 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы. Олимпиада жеңімпаздары мен педагогтарді құттықтаймыз!

Жауап беру