«Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді  жолдары» оқыту семинары

2021 жылдың 29 қараша күні «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен  №56 мектеп-лицейінде  тілдік дағдыларды дамытудың маңызын айқындау,  тілдік дағдыларға тән ерекшеліктерді бір-бірінен ажырату, тілдік дағдыларды дамытуда оқу мақсатына сай тапсырмаларды құрастыру мақсатында қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдері арасында «Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді  жолдары» оқыту семинары өтті.

Семинардың қонағы PhD докторанты, Евразия гуманитарлық институтының аға оқытушысы, тренер  Баянғали Ғалымжанұлы Коммуникативтік дағдылар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды оқушылардың бойында қалыптастыру ерекшеліктері мен жолдарына тоқталды. Семинардың тәжірибелік кезеңінде №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Педагогтер қауымдастығының лидері Толеубаева Самал Жаксылыковна  «Оқылым дағдыларын қалыптастыру жолдары», №59 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Педагогтер қауымдастығының мүшесі Сахмурзаева Гулжамила Тохтаровна «Жазылым дағдыларын қалыптастыру жолдары», №15 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Педагогтер қауымдастығының мүшесі Асемова Рауан Саметқызы «Тыңдалым дағдыларын қалыптастыру жолдары», №54 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Педагогтер қауымдастығының мүшесі Архамбекова Майя Кусаиновна «Айтылым дағдыларын қалыптастыру жолдары» бойынша коучинг жүргізді. Пән мұғалімдері тәжірибелік алаңнан кейін қайтадан бас қосып, коучингте қарастырған дағдылар бойынша қорғау жұмыстарын жасап, кері байланыс берді.

Жауап беру