«Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау тәжірибемнен…» вебинары

Жалпы білім беретін мектепте ерекше дарынды балаларды анықтап, шығармашылық орта құру үшін педагогке де кәсіби қабілет қажет.  Кез келген қоғамға дарынды адамдар қажет және қоғамның басты міндеті оларды анықтап, қабілеттерін дамыту. Дарынды шәкіртті оқу үрдісінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу – әр ұстаздың міндеті.

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызы қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің сұранысы, ұсынысы бойынша 14.01.2022 ж. күні оқушылары бірнеше жыл қатарынан қалалық, республикалық пәндік олимпиадада жеңімпаз болып жүрген пән мұғалімдерінің іс-тәжірибесін тарату, алмасу мақсатында «Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау тәжірибемнен…»  вебинарын өткізді. Вебинарда №52 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Шайкенова Сауле Серікбайқызы «Олимпиадада қазақ тілі пәнінен қолданылатын талдау түрлерімен жұмыс», Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Алпанова Жанар Бейбітқызы «Дарын және қабілет, олардың диагностикасы», №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Боканова Айгул Ахметсақызы «Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жолдары»,№51 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Алмабаева Әлия Айтахметқызы «Ұлттық кодқа толық деңгейде сәйкес келетін білікті тұлғаны баптаудың бастапқы сатысы», №38 мектеп-лицейінің  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – Ахметова Мақпал Болтірікқызы «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен дарынды оқушылардың  жұмысын ұйымдастыру жүйесі», Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация лицей-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахаева Салтанат Абдижалеловна «Оқушыларды олимпиадаға  дайындаудың тиімді жолдары» тақырыптары бойынша дарындылық пен қабілетті ажырата білу арқылы оқушылардың арасынан пәнге деген қызығушылықтарын анықтап, қабілеттерін дамыту жолдары, олимпиадаға дайындау жолдары, әдіс-тәсілдері, дайындауда тиімді технологияларды қолдана білу, теориялық білімдерін практикада ұштастыра білу жолдары, сонымен бірге барлық жұмыстарға диагностика жасап отыру туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жауап беру