«Оқушының мәдени нормативі» Республикалық мәдени-білім беру жобасын іске асыру

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК 2022 жылғы 2 қыркүйек күні Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде «Оқушының мәдени нормативі» жобасы аясында «Ұлағатты ұрпақ» платформасын түсіндіру бойынша отырыс өтті.

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан қаласының 42 жалпы білім беретін №2,4,5,8,10,20,22,26,31,35,37,38,40,42,43,49,50,51,52,53,54,55,56,58,59,60,61,62,63,64,65,66,67,68,70,71,72,73,74,75,76,82 «Оқушының мәдени нормативі» жобасы енгізілді.

Отырыс барысында Тәрбие және тұлғаны дамыту бөлімінің басшысы Бекетаева Гульдана Ескенқызы «Оқушының мәдени нормативі» Республикалық мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын таныстырып өтті. Нұр-Сұлтан қаласының проекттік офис «Инфрақұрылымды дамыту» 2-базалық бағытының  бас менеджері Усманбекова Динара Махмудбековна, «Инфрақұрылымды дамыту» 2-базалық бағытының басшысы Давлетов Мирлан Берикович, 1-базалық бағыттың басшысы Амангельдин Кабеб Куанышевич бірыңғай жобалық «Easy Platform» платформада жұмыс істеу бойынша көрсетіп өтті.

Жобаның мақсаты – бәсекеге қабілетті қазақстандық оқушылардың мәдени-адамгершілік қасиеттерін дамыту. Балалар мен жастарды көркем мәдениет пен өнерді зерттеуге қызықтыру, талабын ояту. Оқушыларды ұлттық мәдени құндылықтарды игеруге ынталандыру және өскелең ұрпақты мәдени жетілдіру.

Осы жобаны іске асырудың міндетті шарты – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мақсатында оқушыларды мәдени-рухани, патриоттық және көркем-өлкетану байытуы бойынша жүйелі ұйымдастырылған жұмыстың қажеттілігі – қазақтың мәдени-генетикалық кодының көп қырлы негізі ретінде туған жерінің құндылығын, ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін құзыретті насихаттау, бұл одан әрі жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларын «Мәңгілік Ел» құндылықтарының барлық жүйесі негізге алынған бастапқы ұлттық мәдениетке ену базасында әлемдік мәдениеттің жауһарларына тартуға мүмкіндік береді.

Осы жоба аясында ұлттық коды жаңартылған бәсекеге қабілетті көпмәдениетті тұлғаны белсендіру үшін, қазақстандық оқушылардың 1-11 сыныптар арасында мәдени-адамгершілік қасиеттерін дамыту көзделіп отыр.

Жоба шеңберіндегі барлық іс-шаралар кешені концерттік және көрме іс-шараларына қатысу, опералық, балет, драмалық спектакльдердің, қазақстандық және шетелдік кинофильмдердің, мультфильмдердің және т. б. үздік үлгілерін көру арқылы оқушылардың көпмәдениетті тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы мәдени-білім беру кеңістігін құруға бағытталған.

Жоба үш жас тобынан тұратын қазақстандық білім беру жүйесінің оқушыларына арналған:

– 1-4 сынып оқушылары;

– 5-8 сынып оқушылары;

– 9-11 сынып оқушылары.

Жобада 5 өнер бағыты ұсынылған: музыка, бейнелеу өнері, театр, кино, киелі мәдениет ескерткіштері.

Әрбір бағыт бойынша ұсынылған 5 өнер бағыты бойынша қазақ және әлемдік мәдениет шығармаларын зерделеу үшін ұсынылатын тізбе ұсынылады. Оқу үшін ұсынылған шығармалардың тізіміне толықтырулар енгізуге болады.

Қазақ және әлемдік мәдениет туындыларының тізімін жасау барысында келесі өлшемдер қолданылды: таңдалған туындылардың жоғары эстетикалық, мәдени, рухани, патриоттық және көркемдік және өлкетану құндылықтарын бейнелейтін мәдени және тарихи маңызы; жалпы білім беру жүйесінің барлық пәндік бағыттарының жаңартылған мазмұнын есепке алу.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.