«Оқылым мәтініндегі ақпаратты компрессия жасап, жинақы мәтін құрастыруда функционалдық сауаттылықтың маңызы» қалалық семинар

2022 жылғы ақпан айының 17-і күні Нұр-Сұлтан қаласының «№65 мектеп–гимназиясы»КММ және Білімді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен  қалалық семинар өтті.

Аталмыш іс-шараны БЖО әдіскері Маманова Жанар Сейдахметқызы мен №65мектеп-гимназия  директоры Елекеева Нургуль Жақсыбекқызы ашып, «Оқылым мәтініндегі ақпаратты компрессия жасап, жинақы мәтін құрастыруда функционалдық сауаттылықтың маңызы» тақырыбы бойынша сөз алды.

Мәтінмен жұмыс жасауда компрессия әдісін қолданудың тиімділігі жөнінде бірлестік жетекшісі Г.Қ. Сисанова презентация арқылы таныстырып, мәліметтер берді. Тәжірибе бөлімінде 10 сабақ 3 залға бөлініп, сабақтар көрсетті.

Мектепте тіл мен әдебиетті оқытуда ұстаздар алдында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттың рухани саласын қалыптастыру, олардың әдебиетке деген құштарлығын ояту, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру, ақыл-ойын, сөздік қорын, тілін дамыту міндеті қойылған.

Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, пән мұғалімдері  ашық сабақтар берді.

    Г.Қ.Сисанова 6 «А» сыныбына қазақ тілінен «Күш атасы – Қажымұқан» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ оқу мақсаттарына сай құрылды.

Сабағын  Қ. Бітібаеваның  «Ой тастау. Ойланту. Ойлау» технологиясына негіздеген. «Пикола тақтайшасы» әдісін қолданып, оқушылар қызығушылығын тудыра білді. Топтық, жұптық жұмыстар сәтті орындалды. Бағалау жұмысы дер кезінде жүргізіліп отырды.

1-секцияда қазақ сыныбына Асет Ақбота 6 «В» сыныбымен Оралхан Бөкейдің  «Тортай мінген ақбозат» әңгімесі  (2-сабақ) бойынша сабақ көрсетті. Мұнда оқу мақсатын ашуға бағытталған топтық жұмыс, жұптық жұмыс және  survivo.com, learningapps қосымшалары  арқылы жасалған жұмыстар өз нәтижесін көрсетті. Әр тапсырмада оқылым мәтініндеі ақпараттарды жинақтау арқылы копрессия әдісін ұтымды көрсетті. Бағалау жұмысы әр тапсырма соңында жүйелі жасалып, оқушылардың білімі бағаланып отырды.

    А.К. Уйсунбаева 5 «А» сыныбына қазақ тілі пәнінен «Көлік  түрлері. Сын есімнің шырайлары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ оқу мақсаттарына сай құрылып,  «Сиқырлы  ұяшық», «Кім жылда», «Зуылдақ» әдістері арқылы оқушыларға тақырыпты толық меңгертті. Көрнекіліктер,  тапсырмалар тақырыпқа сай.  Мәтінді компрессия жасауды өте шебер қолданды.

В.У Рахманкулова  5 «В» сыныбына қазақ әдебиетінен «Бердібек Cоқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сәйбек қарттың әңгімесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ оқу мақсаттарына сай құрылды.

Сабағын  TIMELINE» әдісі арқылы, көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналастыра білді.

«Көңілді сурет» әдісін қолданып, оқушылар қызығушылығын тудыра білді. Топтық, жұптық жұмыстар сәтті орындалды. Бағалау жұмысы дер кезеңінде жүргізіліп отырды.

2-секцияда қазақ сыныбына Ташметова Айкерім Мырзаханқызы 7 «Ж» сыныбымен Қазақстан халқы Ассамблеясы тақырыбы бойынша сабақ көрсетті. Мұнда оқу мақсатын ашуға бағытталған топтық жұмыс, жұптық жұмыс және  Kahoot қосымшалары  арқылы жасалған жұмыстар өз нәтижесін көрсетті. Әр тапсырмада оқылым мәтініндеі ақпараттарды жинақтау арқылы копрессия әдісін ұтымды көрсетті. Бағалау жұмысы әр тапсырма соңында жүйелі жасалып, оқушылардың білімі бағаланып отырды.

  Пән мұғалімі Файзулина Баян Боткеновна «Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» тақырыбындағы 7 «А» сыныбына өткен сабағы әдістемеге сай құрылған. Оқу мақсатына сай оқушылар халық батыры Қасым Қайсеновтың өсмір жолы шығармашылығымен танысып, шығарманың сюжеттік құрылымына талдау жасады. Мұғалім сабақ басында оқушыларға психологиялық ахуал тудырды.Тиімді топқа бөлді. Цифрлық ресурстан «Koohot» платформасын  тиімді пайдаланды.

«Болжау» «Автор орындығы» «Фишбон» немесе «Балық қаңқасы» әдістерін және «Концептуалдық кесте» Топтастыру, сәйкестендіру, үзіндінің тезистік жоспарын құру сияқты әдістерді сабақта тиімді пайдалана білді. Сонымен қатар сабақта топтық жұмыс,жұптық жұмыс барысында оқытудың интербелсенді әдістері қолданылды. Әр берілген жұмыс бағалау критериіне сай бағаланып отырды. Сабақ соңында оқушылар «SMS» әдісі арқылы өз смартфондарынан мұғалімге кері байланыс берді.

Семинардың қорытынды бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  Ғалымбай Аңсаған және Пайзулина Динаның ұйымдастыруымен  қазіргі білім беру жүйесіндегі  өзекті  тақырып «Оқушыларды кітап оқуға қалай қызықтырамыз?» атты шеберлік сағаты өткізілді. Кітапханада барлық мұғалімдерге арнайы  кофе, шай үлестіріліп  жайлы орта  құрылды. Сабақ барынша   еркін форматта жүргізілді. Семинар қонақтары бір-бірімен танысып, өзара топтасып, ой талқылады.  Мектепте қолданылатын ынталандыру әдістерінің әлсіздігі туралы пікірлер  ортаға салынып,  жаңа әдістер ұсынылды. Атақты әдіскер Е.Н. Ильиннің  «Қызықты бетті  іздеу», «Буктрейлер» , «Көркем әдебиет күнделігі» секілді тиімді әдістер туралы ақпараттар беріліп, мұғалімдермен тәжірибелер жасалды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.