Ойнаймыз және дамимыз

Бүгін №2 «Батыр» балабақшасында «Ойын қызметі арқылы ерекше білім беру қажеттілігі бар  балалармен түзету –дамытушылық жұмыс»  тақырыбында қалалық семинар офлайн түрде  өтті. Семинарға ерекше  білім беру бөлімінің маманы, білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері, ПМПК мамандары, Менеджмент және бизнес колледжі басшысының орынбасары,  №26 мектеп-гимназиясының, № 61орта мектебінің директорлары, аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың кураторлары, логопед-дефектолог мамандары,  мектепке дейінгі ұйымның педагогтері, арнайы білім беру педагогтері және Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы  Айгүл Қайратқызы қатысты.

Іс-шара барысында «Пайдалы дәрумендер», «Орман дүкеніне саяхат», «Күзгі орманға саяхат» тақырыптарында кіріктірілген  оқу қызметтері көрсетілді. Онда тәрбиеленушілер өз білімдерін, біліктері мен дағдыларын, ал педагогтер өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Leave a Reply