«Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша менеджерлерге әдістемелік көмек және қолдау көрсету»

2022 жылғы 14 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастырумен мектеп және колледж директорларына арналған «Орта, техникалық және орта білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлерге әдістемелік көмек және қолдау көрсету» тақырыбында онлайн отырыс өткізілді.

Мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу.

Іс – шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Иманғазинова Римма Асымқызы, Білім беруді жаңғырту орталығының басшысының орынбасары Дауешова Сындар Мұратқызы және Нұр-Сұлтан қаласы Жергілікті Полиция басқармасының Ювеналды Полиция бөлімінің басшысы Дощанова Нелли Нуруллақызы сөз сөйледі.

24 орта және 1 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, (№15,17,22,37,54,56,58,59,60,66,67,70,71,72,73,74,75,76,77,79,80,83,84,92, қызмет көрсету және туризм колледжінде) ШЖҚ ММК құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері лауазымы енгізілді.

Спикерлер құқықбұзушылықты алдын алу жөніндегі менеджердің алдағы уақыттағы жұмыс жоспарымен және тәжірибелерімен бөлісті:

• «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджердің жұмысын ұйымдастыру» – С. Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің директоры Тулеуова Гүлжан Дәрібайқызы;

• «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша менеджердің жұмыс жоспары» – Ақан құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры Умербаева Рамзия Фаатқызы.

Соңында, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Иманғазинова Римма Асымқызы жаңа қызметкерлерге көмек көрсету мақсатында лауазымдық нұсқаулықтарды, ведомствоаралық қызметтермен жұмыс істеу алгоритмін әзірлеуді, оқыту семинарлар, шебер-сыныптар ұйымдастыруды тапсырды.

Жауап беру