Oзат ұстаз – озық тәжірибе

22 сәуір күні Республикалық физика-математика мектебінің базасында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚР «Үздік педагог-2019» атағының, ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері  Әзімбаева Рахат Омашқызының  іс-тәжірибе тарату семинары өтті. Аталған іс-шараға  Нұр-Сұлтан қаласындағы білі беру ұйымдарының жас мамандары, жас мамандар мектебінің жетекшілері, қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімдері, «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибе орталығының мамандары қатысты.

       Семинардың мақсаты: озық тәжірибені  насихаттап, мұғалім мәртебесін кқтеру. Іс-шараның бірінші кезеңінде  қазақ тілі мен әдебиетінен 7-сыныпта «Экология» тақырыбында  сабақтан 20 минуттық үзінді болды.  Сабақ STEM-мен байланыста өтті. Екінші кезеңде қатысушыларға мұғалім шеберлік сыныбын өткізді.  Үшінші кезеңде мұғалімнің шығармашылық көрмесімен танысты. Көрмеде мұғалімнің іс-тәжірибесінен, әдістемелік құралдарынан, авторлық бағдарламаларынан жинақтар, жетістіктерінің дәлелдемелері болды.       Қатысушылар семинардан үлкен ризашылықпен тарасты.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.