«Педагогикалық шеберлік пен техникалық деңгейін арттыру»

2022 жылғы 24 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен қосымша білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған  онлайн форматта «Педагогикалық шеберлік пен техникалық деңгейін арттыру» оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты: педагогтердің кәсіби шеберлігін, педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, жас педагогке консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстемова Жанар Тілеубергенқызы, Нұр-Сұлтан қаласының №3 Балалар музыка мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Маканова Зарина Ерболовна қатысты. Спикерлер педагогикалық қызметтегі ең маңызды оқытушы шеберлігін дамыту және іске асыру, кәсіби қызметті, өзін-өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейін, гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет және педагогикалық техника сияқты өзекті тақырыптарды атап өтті.

Тақырыптар :

  • «Педагогикалық кәсіби шеберлік білім беру сапасын арттыру құралы ретінде»;
  • «Педагогикалық техника, коммуникативтік әсер ету тәсілдері»;
  • «Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық техника деңгейін арттыру».

Қорытындылай келе, семинар спикерлері жас педагогтармен өз жұмыс тәжірибелерімен, ұсынымдарымен бөлісіп, қойылған мәселелерді талқылады.

Жауап беру