Педагогикалық технологиялар жеке-тұлғаны дамыту мен тиімді оқытудың негіздері

2022 жылы 19 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп гимназияда Білім беруді жаңғырту орталығы «Педагогикалық технологиялар жеке-тұлғаны дамыту мен тиімді оқытудың негіздері» тақырыбында көркем еңбек мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуге арналған семинар-практикум өткізді.

Семинардың мақсаты: Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін арттыру, білім алушыларды кешенді дамытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.

Білім беруді жаңғырту орталығындағы көркем еңбек пәнінің әдіскері Ж.Даримбетов семинардың бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, жалпы орта білім беру саласындағы жаңа оқу жылындағы жаңалықтарға тоқталып өтті.

«Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» тақырыбында Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп гимназияның көркем еңбек мұғалімі  А.Байстенова баяндамасын слайд презентациямен түсіндірді.

«Жапсырмалау өнері.Жыл мезгілдерін жасау»тақырыбы бойынша Ж.Ташенов атындағы №10 мектеп гимназиясының көркем еңбек мұғалімі Г.Мырзахметова шебер сынып өткізді. Мұғалім шебер сынып барысында оқушылармен  жапсырма жасаудың жолдарын көрсетті.

«Дымқыл техникада сурет салу» тақырыбында №57 орта мектептің көркем еңбек мұғалімі Е.Тусипханов шеберлік сынып өткізді. Шебер сыныпта акварель бояуымен дымқыл техникада сурет салуды көрсетті.

«Аралас техникада натюрморт салу» тақырыбында №59 мектеп лицейдің көркем еңбек мұғалімі Ш.Аманова шебер сынып өткізді. Мұғалім шебер сыныпта түрлі бояулармен натюрморт салуды аралас техникада көрсетті.

«Сазбалшықтан құмыра жасау» тақырыбында Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп гимназияның көркем еңбек мұғалімі  Т.Жолдибеков шебер сынып өткізді. Сазбалшықтан құмыралар арнайы станокта жасалды, қатысушылар шебер сыныпқа белсене қатысты.

Семинарға қатысқан  мұғалімдер өз ойларын айтып кері байланыс алынды.Визуалды өнер бөлімі бойынша қосымша семинар ұйымдастырылатыны жайында айтылды.Қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.