Педагогикалық технологиялар – жеке тұлғаны дамыту мен тиімді оқытудың негіздері

2022 жылғы 16 қыркүйек күні Райымбек батыр атындағы №50 Қазғарыш мектеп-лицейінде «Педагогикалық технологиялар – жеке тұлғаны дамыту мен тиімді оқытудың негіздері» тақырыбында география пәні педагогтеріне  әдістемелік көмек көрсету мақсатында қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты: Педагогикалық технологияны меңгерудің міндеттері, жолдары, қолданудың әдіс-тәсілдері сонымнен қатар педагогикалық технологияның түрлері оны оқу-үдерісінде қолданудың тиімділігін қарастыру.

Семинар барысында Білім беруді жаңғырту орталығының  әдіскері Миралиев Бауыржан Койшибекович «Заманауи  педагогикалық технологиялар» тақырыбында ой бөліссе, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні педагогтері Нургалиева Гульжан Абеновна  «CLIL әдістерін сабақта қолданудың артықшылықтары» және Жунусбаева Марал Турмысовнана «Саралап оқыту-оқыту мен оқудың тиімді жолы» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға Астана қаласының география пәні педагогтері қатысып, кері байланыс бере отырып өздерінің ұсыныстарын білдірді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.