«Педагогтің сөйлеу мәдениеті – педагогикалық шеберлік негізі»  тақырыбында қалалық онлайн оқыту семинары

2022 жылғы 27 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен  «Педагогтің сөйлеу мәдениеті –  педагогикалық шеберлік негізі»  тақырыбында қалалық онлайн оқыту семинары өтті.  Іс-шараға  елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері қатысты.

Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру ұйымдары  педагогтерінің сөйлеу мәдениетін жетілдіру және әдістемелік көмек көрсету.

Семинар спикерлері:

1. Кузембаева      Камила Асыповна, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері

2.  Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы, Боранбаева Майра Сарсенхановна,

Білім беруді жаңғырту орталығының орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскерлері.

Семинар барысында педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру және дамыту процесі, педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы өзара түсінушілік пен өзара іс-әрекет туралы айтылды. Қатысушылар Педагогтің сөйлеу мәдениетінің ережелерімен  танысты.

   Семинар соңында рефлексия жүргізілді, қатысушылар кері байланыс беріп, ой-пікірлерін білдірді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.