«Профессор сабағы»  жобасы

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы «Профессор сабағы»  жобасы бойынша өз жұмысын жалғастыруда.

2022 жылғы 2 ақпан күні жоба аясында тарих пәні мұғалімі,  гуманитарлық ғылымдар магистрі, PhD докторант,  сарапшы Рахимжанов Қалжан Қайратұлы №8 мектеп-лицейінің 11 сынып  оқушыларына дәріс өтті. Педагог бітіруші сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәні бойынша «Түрік қағанаты» тақырыбын түсіндірді. Баланың  есте сақтау қабілетін арттырудың өзіндік тәсілдерін қолдана отырып өткізілген сабаққа оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты. Мұғалім «Түрік қағанатында барлық тайпалардың атауы «теле» деп аталса, оны «ТЕЛЕ 2 телекоммуникациялық компаниясымен байланыстырады, «Түрік қағандары (билік етуші) – АШИНА әулетінен шығып отырды», мұнда есте қалу үшін «Ашина – Машина» сөзін қолданды.

Жоба жетекшісі орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Н. Әзімбай, ұстаз Рахимжанов Қалжан Қайратұлының «Профессор сабағы»  жобасы аясында аталған мектептің бітіруші сынып оқушыларын оқу жылының соңына дейін Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлауды қолға алғанын атап өтті. Оқушылардың қашықтан оқу кезінде жоғалтқан білім сапасын қалыпқа келтіру, оқуға ынтасын арттыру, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету үшін былтыр іске қосылған жоба бойынша бүгінгі күнге дейін 8 ғалым-ұстаз елордалық білім беру ұйымдарында өз тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.