ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚМЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерін оқыту семинары

Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімімен бірлесіп, 2022 жылғы 6-8 қыркүйек аралығында шейх Тамим бен Хамад Әл Тани атындағы №85 мектеп-лицейінде «Мектеп медиациясының психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Мақсатты топ: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлер, әлеуметтік педагогтар. Оқыту семинарына 37 педагог қатысты.

Семинардың мақсаты: балалардың құқықтары мен психологиялық денсаулығын әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының теріс әсерінен және әлеуметтенудің қолайсыз жағдайларынан қорғауға ықпал етуге бағытталған елордалық білім беру ұйымдарында мектептегі Медиация қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жандандыру.

Оқыту семинарын «Астана дарыны»  ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ғылыми әдіскері, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), Қазақстан Педагогика ғылымдары Академиясының академигі Александр Николаевич Тесленко өткізді.

Семинар барысында 3 модульден тұратын сұрақтар қарастырылды:

Модуль 1. «Жанжалсыз коммуникация негіздері» қарым-қатынас психологиясы: функциялары, құрылымы, жүйелері, тосқауылдары тақырыбындағы дәрістен: «Бейвербалды коммуникация құпиялары» «Бейне-практикумынан», «Қарым-қатынас данышпаны» тиімді қарым-қатынас тренингінен тұрады.

Модуль 2. «Конфликтология негіздері», «Конфликт әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде» дәрісінен және «Стресс-менеджмент конфликтілік жағдайлардың алдын алу құралы ретінде» практикалық сабағынан тұрады.

Модуль 3. «Медиация даулар мен жанжалдарды реттеу технологиясы ретінде» семинар қатысушыларына «Медиация жанжалдарды шешу құралы ретінде» тақырыбында дәріс, қалпына келтіру медиациясы дағдыларын қалыптастыру бойынша тренинг және «Татуласу мектеп қызметінің құрылымы мен ұйымдастырылуы» практикалық сабағы, одан әрі практикум-сынақ: жанжалды жағдайларды медиативтік әдістермен шешу және медиация бойынша дөңгелек үстел: «Елордалық білім беру ұйымдарындағы мектеп медиациясы: мәселелері мен болашағы».

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.