Әдістемелік күн

2021 жылғы 18 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №83 мектеп-гимназиясында кезекті әдістемелік күн өтті. Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова мектеп ұжымын аталған іс-шараның жұмыс тәртібімен таныстырып, мақсаты әдістемелік қолдау көрсету, туындаған сұрақтарға жауап беру болып табылатынын атап өтті.  

Әдістемелік күн барысында аттестатталатын мұғалімдер «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу», «Орыс әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «Математика», «География», «Химия», «Физика», «Информатика», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша сабақтар өткізді, сондай-ақ инклюзия сыныбында сабақ пен қосымша білім беру бойынша авторлық қойылым көрсетті.

Орталық әдіскерлері 17 сабаққа қатысты, әрбір сабақ бойынша мұғалімге  бақылау парағы мен кері байланыс беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік күннің соңында рефлексия жүргізілді, әдіскерлер мен педагогтер сабақтарды талдап, өз әсерлерімен бөлісті.

Ответить