«Рухани жаңғыру идеясын кешенді іске асырудың жаңаша бағыт-бағдарлары»  тақырыбында қалалық вебинар-практикум өтті

18 ақпан 2022 жылы №75 «Балалық шақ» балабақшасында «Рухани жаңғыру идеясын кешенді іске асырудың жаңаша бағыт-бағдарлары»  тақырыбында қалалық вебинар-практикум өтті.Вебинар-практикумға Нұр-Сұлтан қаласының балабақша меңгерушілері мен педагогтері, сонымен қатар Zoom платформасы арқылы Алматы, Шымкент, Атырау қалаларынан әріптестеріміз және Гуманитарлық колледж студенттері іс-тәжірибе алмасуға алғаш рет қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Іс-шара мақсаты: «Дәстүрден тыс театрландырылған іс-шаралар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту».

Тіл бар жерде – білім бар. Осы мақсатқа жету  үшін, театр әдісі балабақшаның  негізгі инструментариы болды.

Семинар практикумда іс-тәжірибемен мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Венера Уралбаевна, тантомореска театр әдісі арқылы «Жыл басына таласқан жануарлар» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті.

Тантомореско театры баланың дүние танымын қалыптастырып, балаларды  рөлге жеңіл кіріп, әр кейіпкердің мінез-құлқын жіті жеткізуге мүмкіншілік береді.

Театр әдісінің бір түрін сергіту жаттығуларына бағыттап, күнделікті балалармен сергіту жаттығуларын ұйымдастыратын педагог –  Жадыра Бейсембекқызына өзінің тобымен ырғақты қимыл-қозғалыстарды көрсетті. Балалар музыкалық ырғақтың көмегімен аяқ арқылы түрлі қимыл-қозғалыстарды жасап, тіпті «Көңілді барабаншылар»  биін шығарды.

Семинар соңында  пікір алмасу «Рандом» әдісі арқылы өтті. Кездейсоқ сандар элементі арқылы әр қатысушы өз пікірілерін білдіріп, вебинар-практикумның бойынша өз ойларымен және ұсыныстарымен бөлісті. Қорытынды сөзді Білім беруді жаңғырту орталығының орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Акбота Бакытқызы өз пікірін білдірді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.