«Сабақта тәртіпке қалай қол жеткізуге болады?» қазақ тілі мен әдебиеті жас мамандарына арналған семинар өтті.

22 ақпан 2022 жылы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен педагогикалық қызметті жаңа бастаған жас мамандарға  сыныпта  психологиялық жағымды ахуалды қалыптастыру, ортада өзін-өзі ұстау, педагогикалық жағдаяттардан шыға білу жолдары,  оқушының психологиялық денсаулығын сақтай отырып, қолайлы  әлеуметтік-психологиялық жағдай жасай білу, кәсіби өсуі үшін жағдай туғызу,  бейімделуге кері әсер ететін проблемаларды жою,   кәсіби қызметіне  табысты енуіне қолдау көрсету мақсатында «Сабақта тәртіпке қалай қол жеткізуге болады?» қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандарына арналған психологиялық кеңес беру семинары өтті.

Семинарда №30 мектеп-гимназиясының педагог-психологі, «Ең үздік психолог» бас жүлде иегері, «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісі иегері, Отбасылық тәрбиелеу институты спикері Мырзахметова Актоты Жумабековна оқушылар арасындағы келеңсіздік, педагог және оқушы арасындағы келіспеушілік, түсініспеушіліктер, басшылықтың тексерісі және әр түрлі жағдаяттарға байланысты күйзелісті жеңу жолы мен жағымсыз эмоцияларды бақылау бойынша психологиялық кеңестер берді.

№56 мектеп-лицейінің педагог-психологі, педогика және психология ғылымдарының магистрі,  отбасылық психолог,   тренер Жаппашева Айгуль Рахимжанқызы  сабақта тәртіп бұзушымен сындарлы қарым-қатынасты сауатты құру үшін тәртіпсіздіктің шынайы себебін тану, соған сәйкес, жағдайға дереу араласып, тоқтату әдісін таңдау екендігін түсіндіре келе, мұғалім өзінің мінез-құлқын дұрыс құру үшін, оқушының сол немесе басқа педагогикалық ықпалға реакциясын түсіну үшін оқушының «жаман» мінез-құлқының шынайы мотивін білуі қажет екеніне тоқталды.

         Семинарда жас мамандар  «Егер мамандықты қайта таңдауға мүмкіндік болса …», «Сабақтағы тәртіпсіздікті қалай жеңуге болады?» тапсырмалары беріліп, «Ашық алаңға» шақырылып, өз ойларын, сезімдерін ортаға салды.

Жауап беру